
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің магистратура және докторантура бағдарларына онлайн өтінімдерді қабылдау төмендегі кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұзартылды:
Мектеп |
Бағдарлама түрі |
Онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі |
Тест нәтижелерін тапсырудың соңғы мерзімі |
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі |
Магистратура |
29 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін) |
10 мамыр 2024 ж. |
Докторантура |
29 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін) |
6 мамыр 2024 ж. |
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
3. «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басу арқылы өтінім беру процесін аяқтау және тіркелу жарнасын (қайтарылмайтын сома) онлайн/интернет транзакциялар өткізу мүмкіндігі бар банк картасы арқылы төлеу.
Бұл процестер аяқталғаннан кейін үміткерлер өз өтінімдеріне өзгерістер енгізе алмайды.
4. IELTS (Online test басқа) / TOEFL (Home Edition-тан басқа) нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
- IELTS тапсыру үшін код: NU
- TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
Кейбір үміткерлер ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін тапсырудан босатылуы мүмкін. Толығырақ «Қабылдау» - «Бағдарлама түрлері» - «Магистратура» - «Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі» парақшасында.
Өтінім беру туралы сұрақтар бойынша info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласуыңызға болады. Хат жіберген кезде әр үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін және бағдарлама атауын жазуды ұмытпаңыз.