NU-мен таңғажайып саяхатқа аттануға дайын болыңыз, оның барысында сіз бірқатар қызықты іс-шараларға қатыса аласыз: NU әңгімелері
NU Ашық есік күні 2024 жылдың 14 қыркүйегінде өтеді, іс-шара барысында сіз универистет кампусымен танысып, ақпараттық сессияларға қатысып, NUET сынақ емтиханын тапсырып, NU мектептерінің түрлі іс-шараларына қатыса аласыз.
Сіздің қалаңыздағы NU күні барысында біздің бағдарламалар, қабылдау емтихандар, студенттік өмір туралы толығырақ білуге және болашақ профессорларыңызбен танысуға мүмкіндік аласыз. NU күні келесі қалаларда өтеді:
28 қыркүйек – Семей, Петропавл, Өскемен қ.
5 қазан – Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар
12 қазан – Жезқазған
19 қазан – Орал қ.
26 қазан – Түркістан, Тараз
9 қараша – Қызылорда, Талдықорған
NU мектептерінің күні - қазан - қараша айларында NU кампусында өтеді. Іс-шара барысында Сізді әр факультеттеріміздің презентациялары, сонымен қатар профессорларымыздың жеке кеңестері күтеді.
Онлайн вебинарлар. Біздің қызметкерлер онлайн вебинарлар арқылы әртүрлі тақырыптар бойынша толық ақпарат беруге тырысады. Мысалы, біз күшті мотивациялық хат жазу, зерттеу ұсынысыңызды жасау, сұхбаттан өту және т.б. тақырыптарға онлайн сессияларды ұсына аламыз.
Бізге жазылыңыз, жазыңыз, нақты тақырыптарды сұраңыз және хабардар болыңыз!
Сынақ NUET емтиханы мен тапсырмаларды талдау. Сондай-ақ, Foundation және бакалавриат бағдарламаларына үміткерлер Дайындық мектебі ұйымдастыратын Сынақ NUET емтиханы мен тапсырмаларды талдауға қатыса алады. Сынақ емтиханды Қазақстанның барлық қалаларында 12000 теңгеге тапсыруға болады. Аталмыш емтиханға тіркелу басқа іс-шаралардан бөлек өтеді.
NU, KIMEP, SDU, ҚБТУ сияқты университеттерінің білім жәрменкесі. Бұл іс-шара барысында сізге жағарыда аталған университеттерге түсу туралы толық ақпарат беріледі. Білім жәрменкелері 4 қалада өтеді:
21 қыркүйек – Ақтөбе қаласы
28 қыркүйек – Шымкент қаласы
12 қазан – Атырау қаласы
19 қазан – Ақтау қаласы
Кампус турлар. Барлық қызығушылық танытқан үміткерлер мен олардың ата-аналары NU кампус турына жазыла алады.
Өтініш берушілер мен оқушыларға бағдар берушілер үшін арнайы платформа. Барлық ақпаратты – open.nu.edu.kz сайтында жинауға тырыстық. Веб-сайтты қарап, қызығушылық танытқандармен бөлісе аласыз.
Талапкерлерді қолдау орталығы. Біз сізбен кездесіп, NU-да сізді күтіп тұрған барлық керемет мүмкіндіктерді көрсетуді асыға күтеміз.
Сұрақтарыңыз болса бізге жазыңыз.
Талапкерлерді қолдау орталығы
Телефон: +7(7172) 642584, +7 (747) 0940230 Электрондық пошта: info_admissions@nu.edu.kz
Назарбаев университеті, 2024 түлек
Осы мақаламен бөлісіңіз