барлық жаңалықтар

НУ-дың спорт қоржынындағы жаңа «алтын»

NU әңгімелері

# #

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 4 курс студенті Мөлдір Мекенбаева Абу-Даби қаласында (БАӘ) өткен джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында «неваза-систем» бөлімінде қыздар арасында алтын медальді жеңіп алды.

Джиу-джитсу бойынша әлем чемпионаты БАӘ-де 14 қарашада басталып, 24 қарашада аяқталды.

Мөлдір Канададан, Швециядан келген қарсыластарын сәтті жеңіп, финалда Ресей спортшысын жеңді. 

– Қарсыласыңды қапсыра ұстап алғаннан кейін, тыныс алуын қалыпқа келе бастайды және барлық жағдайларды жасай отырып, оны жеңу тәсілдерін асықпай ойластыра бастайсың – деді Мөлдір. – Мен өзіме ментальды/психологиялық жағынан жеңілуге мүмкіндік бермедім, өйткені осы мақсатыма ауыр және күрделі жолмен жеттім. Жарысқа ұшар алдында емтихан тапсыру және ұшып келгеннен кейін қалған емтихандарды тапсыру үшін кітапханада түндерімді қалай өткізгенім есіме түсті. Бар күшімді салып дене жаттығуларын жасадым,  шаршау туралы ұмыттым. Көп жағдайларда өзімді шектей отырып, басымдықтар мен күн тәртібімді қатаң түрде ретке келтірдім.

Мөлдір 52 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның халықаралық дәрежедегі спорт шебері (ХДСШ) атағы бар. Ол бірнеше рет жеңістің тұғырына көтерілген жеңімпаз атағына ие болған.

– Шын мәнінде, қолымды жүрегіме қойып, Қазақстанның әнұранын шырқаған кезде ғана жеңістің тұғырында тұрып, орасан қуанышқа бөлендім. Сол кезде ғана мен табанды еңбек арқылы мақсатқа қол жеткізуге болатынын түсіндім. Осы сезімімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Мүмкін бақыт деген осы шығар, – деп Мөлдір жеңіске жеткен сезімімен бөлісті.

Мөлдірді осы керемет жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Назарбаев университеті, 2020 түлек

Осы мақаламен бөлісіңіз