Маусым айында мен 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан американдық Teachers pay маркетплейсін көріп қалдым. Қазір оны АҚШ пен Канададан бес миллионнан астам мұғалім пайдаланады. Біз бүкіл ТМД нарығына бағытталған сондай маркетплейс құруды шештік. NU әңгімелері
Біздің бүгінгі әңгімелесушіміз – Әділет Елеуов, Жоғары білім беру мектебінің магистранты. Әділет – Teachers Lab мұғалімдеріне арналған маркетплейстің негізін қалаушылардың бірі.
– Маған әрқашан білім беру тақырыбы қызықты және жақын болды. 2015 жылы мен “Нейтрон ғылымдар зертханасы” білім беру стартапын құрдым. Содан кейін компанияда Ustudy.kz. онлайн оқыту бағытын басқардым. Осы уақыт ішінде мен білім беру саласына ғашық болып, әрі қарай да онда жұмыс істеп, оның дамуына өз үлесімді қосқым келетінін түсіндім, – деп атап өтті Әділет.
Жобаныз туралы айтып бересіз бе? Оны одан әрі дамытудың перспективалары қандай?
Осы жылдың маусым айында мен 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан американдық Teachers pay маркетплейсін көріп қалдым. Қазір оны АҚШ пен Канададан бес миллионнан астам мұғалім пайдаланады. Бұл жоба көптеген елдерде білім беру проблемалары ұқсас екенін көрсетті және біз бүкіл ТМД нарығына бағытталған сондай маркетплейс құруды шештік. Ал бұл шамамен 3-5 миллион педагогикалық қызметкер.
Басынан бастап дұрыс команда құру сәті түсті. Бізде академиялық директор және жобаның тең құрылтайшысы Аяш Мырзабекова, бес жылдық жұмыс өтілі бар мұғалім бар. Қазір ол IQanat мектебінде жұмыс істейді.
Кейін біздің командаға project manager Аяна Сейсекулова (ол да НУ студенті) және SMM manager Аэлин Сексимбаева қосылды.
Жақында осы жылдың 29 қыркүйегінде Teachers Lab маркетплейсінің ресми ашылуы болды. Қысқаша айтқанда, Teachers Lab – бұл мұғалімдер өздерінің авторлық оқу материалдарын тегін сататын, сатып ала және орналастыра алатын платформа. Біздің маркетплейсте ең алдымен біз мұғалімнің авторлық құқығына құрмет көрсетеміз. Сондықтан біз мұғалімдер үшін олардың материалдарын жарияламаймыз және барлық жұмыстарға автордың, яғни оны жасаған мұғалімнің аты-жөнімен қол қоямыз деп шештік. Осылайша біз олардың жеке брендін жылжытуға көмектескіміз келеді. Ол үшін қазір тіркелу кезінде автор бірегей мекен-жайды – бөлісуге болатын сілтемені жасайды.
Біз мұғалімдердің өздері осы қоғамдастықты дамытып, құрғанын қалаймыз, ал біздің міндетіміз — олардың платформада ыңғайлы орналасуын қамтамасыз ету. 2021 жылдың сәуіріне қарай біз нарықта 16000 қолданушы, ал қыркүйекте 100000 қолданушы санына жетуді жоспарлап отырмыз.
Біздің команда маркетплейсті үнемі жетілдіріп отырады. Біз авторлардың жеке парағын мүмкіндігінше ыңғайлы және тартымды етіп жақсартуға көп көңіл бөлеміз. Сондықтан пайдаланушылар авторларға жазылуға, пікірлер қалдыруға, бағалар қоюға, сұрақтар қоюға, кері байланыс алуға мүмкіндік беру үшін біз интерфейсті жетілдіру бойынша жұмыс жасаймыз.
НУ сізге не берді? Сізге алған дағдыларыңыз/машықтарыңыз қазіргі жұмысыңызда көмектесті ме?
НУ магистратурасы – бұл, ең алдымен, үлкен қауымдастық және желі. Әсіресе, мен білім беру саласындағы магистратурада оқитынымды ескерер болсақ, менң айналамда осы салада көп жылдар бойы жұмыс істеген адамдар – бұл мектеп директорлары, мұғалімдер және жеке білім беру компанияларының қызметкерлері. Қазір мен жақсы таныстармен «қоршалдым», олардың әрқайсысы білім беру саласында үлкен тәжірибеге ие және өз саласында өте сауатты.
Сонымен қатар, мен үшін өте маңызды сәт – НУ-дың ғылыми құрамдас бөлігі – кітапхана ұсынатын әртүрлі дерекқорларға, журналдарға, жарияланымдарға қолжетімділік. Нәтижесінде алынған білімді бизнесте де, жобаны іске асыруда да қолдануға болады. Сонымен қатар, мен мұғалімдерді ынталандыруға, оларды не қозғайтынына байланысты көптеген мақалаларды оқимын, , білім беруді дамыту мәселесінің әртүрлі аспектілері туралы олардың пікірлерін зерделеймін, бұл маған нәтижесінде жобаның “бизнес” бөлігін ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерді ынталандыратын уәждемені детүсінуге мүмкіндік береді.
НУ-да алған маңызды дағдыларымның бірі – зерттеулер мен сауалнамалар жүргізу, сұхбат құру мүмкіндігі. Бұл дағды кез келген студент үшін маңызды деп санаймын, өйткені бұл академиялық сәттерге және бизнеске қатысты пәнаралық заттар.
Өз жобаларын/стартаптарын дамытқысы келетін студенттерге / жас кәсіпкерлерге не ұсына аласыз?
Ең алдымен, әрине, мен батыл болуға, қорықпауға және әрекет етуге кеңес берер едім. Бірақ істі бастамас бұрын, стартаптар туралы көптеген қолжетімді ақпаратты оқып, ABC инкубатор сияқты, инкубаторларға қатысуды ұмытпаңыз. Сіз қандай да бір жаңа тәсіл ойлап таба аласыз деп ойламаңыз. Көптеген бастаушы стартаптар бізге дейін жасағандай істі жүргізген дұрыс және команданы қалыптастыруға ерекше назар аударған жөн. Бұл бірінші кезектегі міндет болуы керек, өйткені идея көбінесе маңызды болса да, қосымша рөлді атқарады. Дұрыс командамен кез келген идеяны сәтті жүзеге асыруға болады.
Назарбаев университеті, 2022 түлек
Осы мақаламен бөлісіңіз