барлық жаңалықтар
29 қазан 2024 Оқиғалар#NUstudents

Спорттық лиганың шешуші кезеңі

Спорттық лиганың шешуші кезеңі

29 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

28 қазан мен 3 қараша аралығында 2024 жылғы Студенттік спорт лигасы өтіп жатыр. Іс-шара еліміздің оқу орындарында білім алып жүрген 700-ден астам талантты спортшыны біріктірді.

Студенттік спорт лигасы алғаш рет барлық жоғары оқу орны үшін бірыңғай турнир аясында өтуде. Ұйымдастырушы – NU.

NU Студенттермен жұмыс департаментінің директоры Бейбіт Асқарұлы: «Бұл жарыстар спорттық шеберліктің, командалық жұмыстың маңызын көрсетеді. Университет түрлі өңірлерден келген спортшыларды күтіп, жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеп жатқанын мақтан етемін», — дейді.

Студлиганың бірінші кезеңі мамыр айында өткен, онда  студенттік командалар үстел теннисі, қазақ күресі, шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол, жүзу, кикбоксинг және таеквондо сияқты спорттың 8 түрі бойынша жарысқа түскен. Бұл жолы әйелдер мен ерлер командалары арасында волейбол және футзал жарыстары өтуде.

Ресми ашылу салтанатында NU президенті доктор Вакар Ахмад құттықтау сөздерін жеткізіп, университеттің жастарды спорттық және академиялық ұмтылыстарында қолдауға тырысатынын айтты. Сондай-ақ ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы тұлға ретінде дамудағы спорттың маңызына тоқталды. Қазақстанның Ұлттық студенттік спорт одағының вице-президенті Мұхтар Есқалиев ұлтымыздың бірлігін нығайту үшін спорттың құнды екенін атап өтіп, барлық спортшыға ізгі тілектерін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар