барлық жаңалықтар
27 желтоқсан 2024 #NUgoesGLOBAL#NUnews

Nazarbayev University Advance HE халықаралық жоғары білім беруді дамыту бағдарламасының мүшесі болды

Nazarbayev University Advance HE халықаралық жоғары білім беруді дамыту бағдарламасының мүшесі болды

27 желтоқсан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Advance HE және Nazarbayev University (NU) білім беру және оқыту саласында халықаралық бағдарламалар мен сертификаттарды әзірлеу үшін жаңа Көпжылдық келісімшартқа қол қойды.

Серіктестіктің негізгі бағыттары NU қызметкерлері үшін стипендиялық бағдарламаларға (fellowships) өтініш беру мүмкіндігін ашу және 2025 жылы Advance HE аккредитациясын алу мақсатында жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу болады. Университет Advance HE-мен 7 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, оның ішінде «Professional Certificate of Academic Practice» бағдарламасын жүзеге асырып, зерттеушілердің дамуына қолдау көрсетуде.

NU президенті профессор Вакар Ахмад: «Advance HE-мен жаңа серіктестік – NU-дың білім беру саласында да, ғылыми зерттеулерде де Орталық Азиядағы жетекші университет ретіндегі рөліне адалдығының белгісі. Біздің білім беру әдісіміз ғылыми зерттеу жұмыстарымен ұштастырылғанын мақтанышпен айтамыз. Бұл серіктестік біздің мықты тұстарымызды барынша тиімді пайдалануға көмектеседі, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша білім беру мен оқыту стандарттарын арттыруға мүмкіндік береді», — деді.

Advance HE-нің халықаралық мүшелер бөлімінің басшысы Иэн Холл мырза былайша түсіндірді: «Біздің NU-мен ынтымақтастығымыз жоғары білім беру саласындағы оқыту сапасының жақсы болуы жаһандық деңгейдегі басымдық екенін көрсетеді. NU-дың стратегиялық міндеттерінің бірі – бүкіл Қазақстан бойынша жоғары білім беру стандарттарын арттыру және бұл әріптестік университеттің басқару, зерттеу және оқыту саласындағы көшбасшылығын нығайтады».

Advance HE стипендиялық бағдарламасы – жоғары білім беру саласының мамандарына арналған халықаралық кәсіби біліктілік құрылымы. Бүгінгі таңда бұл біліктілік Ұлыбританияның, Аустралияның, Африканың және Еуропаның көптеген университетінде «алтын стандарт» ретінде белгілі.

Ұқсас жаңалықтар