барлық жаңалықтар
26 сәуір 2024 Оқиғалар

NU мен Kaspi Bank болашақ ынтымақтастық жолдарын белгіледі

NU мен Kaspi Bank болашақ ынтымақтастық жолдарын белгіледі

26 сәуір 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Сапар барысында банк өкілдері NU студенттеріне Big Data туралы лекция оқыды.

NU-ға Kaspi Bank Басқарма Төрағасы Павел Миронов пен Банктің Деректерді талдау және қолдану департаментінің директоры Думан Уватаев сапармен келді. Кездесу барысында NU Атқарушы вице-президенті Аслан Сәрінжіпов университеттің қызметі туралы айтып, NU бас жоспарымен және ғалымдарының жобаларымен таныстырды. Қонақтар National Laboratory Astana және Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) зертханаларында,  NU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Медициналық робототехника және зерттеулер орталығында болды. 

Сапар барысында студенттермен кездесіп,  оларға Kaspi банктың “Үлкен деректер” туралы  дәріс оқыды. Гарвард бизнес мектебінің GMP бағдарламасының түлегі, финтех саласында үлкен тәжірибесі бар Павел Миронов студенттермен инсайттарымен бөлісіп, үлкен деректерге негізделген банктің экожүйелік қызметтері туралы айтты. Сонымен қатар Деректерді талдау департаментінің бастығы Думан Уватаев Big Data-ны өңдеу және талдау жұмыстары қалай жүргізілетінін айтып берді. NU студенттері cұрақ-жауап сессиясында сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

 

Ұқсас жаңалықтар