барлық жаңалықтар
29 қазан 2024 #NUstudents

NU Оралдың жас геологтарына барлау құралдарын сыйға тартты

NU Оралдың жас геологтарына барлау құралдарын сыйға тартты

29 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Құралдар бірегей теңіз кесірткесі ихтиозаврдың қаңқасын зерттеу және көп жылдық ынтымақтастық аясында берілді.

NU Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі 2016 жылы Батыс Қазақстан облысынан табылған ихтиозавр қаңқасына зерттеу жүргізді. Оны ғалымдарға қалпына келтіруге облыстың жас геологтар бригадаларының жетекшілері Ниязбек Ғатауов пен ҚР еңбек сіңірген геологы Галина Якименко тапсыран болатын. Ғалымдар сүйектердің шығу тегін зерттеп, олардың ғылыми талдауларын жүргізіп, ежелгі бауырымен жорғалаушылардың сыртқы түрін қайта жасады.

Бұған дейін палеонтологтар қазақ ихтиозавры осы тұқымның ең көне өкілдерінің бірі екенін растады. Сонымен қатар ұзындығы 9 метрге жуық теңіз кесірткесінің қаңқасы ихтиозаврлардың бұрын белгісіз жаңа тұқымы мен жаңа түріне жатады. Табылған жасы: кейінгі юра кезеңі. Ихтиозаврға Kazahstanosaurus subbotini gen. et sp. nov.. деген ат берілді. 

2024 жылдың 20 қазанында NU Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің деканы Рэнди Хазлетт бастаған делегация «Жас Геолог» корпоративтік қоры мен «Жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне алғыс ретінде геологиялық аспаптарды сыйға тартты:

  • Геологиялық балға – 3 дана.
  • Кір жуғыш науасы – 4 дана.
  • Корпустағы сапер жиналмалы күрек STELS 61462 – 6 дана.
  • GPS навигаторы Garmin eTrex 10 – 2 дана.
  • Бұрыштық тегістеуіш Bosch GWX 9-125 Professional – 1 дана.
  • Лазерлік қашықтық өлшегіш Bosch GKM 50-27 – 1 дана.
  • Mohs шкаласы бойынша минералдарды диагностикалауға арналған жиынтық – 2 дана.

Оқушылар мен студенттер бұл құралдарды экскурсиялар мен ғылыми іс-шараларда қолдана алады.Бұл практикалық оқуды жақсартады және жастарды геологиялық барлауға тартады.

Қазіргі уақытта NU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің студенттері табылған артефактты толық қалпына келтіру үшін сүйектерді сканерлеп, қаңқаның жетіспейтін бөліктерін 3D басып шығаруда. Ихтиозавр университеттің жоспарланған мұражайындағы алғашқы экспонат болады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар