24 қыркүйек 2024
Осы мақаламен бөлісіңізNU ARC-2024 Бірінші ғылыми-тәжірибелік конференциясының басты оқиғасы докторанттарға арналған үш минуттық диссертацияның қорытынды конкурсы болды.
Байқау алғаш рет университет көлемінде қыркүйектін 20-сы күні өтті. 3MT – алғаш рет Аустралияның Квинсленд университетінде өткізілген конкурс. Онда докторанттар өз зерттеулерінің маңызын үш минуттың ішінде аудиторияға жеткізуі керек. Конкурс қазіргі кезде халықаралық деңгейде танылған.
Сонымен, финалдық байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орын NU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің докторанты Жұлдыз Елжановаға бұйырды, ол демеуші ZEISS сыйлығына ие де болды. Үш минут ішінде ол перовскиттік күн батареялары саласындағы зерттеуін нақты түсіндіре алды. Екінші орынды NU Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің докторанты Хафиз Мухаммад Вакар Абид жеңіп алды. Оның жобасы климаттың өзгеруімен күресуге бағытталған және CO₂ ластануын пайдалы өнімдерге айналдыру үшін кеуекті материалдарды жасауды қарастырады. Көрермендер өз дауыстарын NU Медицина мектебінің докторанты Аида Қабибулатоваға берді, ол қант диабетімен ауыратын науқастардың жүрегін қорғау үшін генетиканың мүмкіндіктерін зерттеп жатыр.
Постер байқауының да қорытындысы шығарылды. Келесі ғалымдарlың плакаттары әр бес приоритетік категория бойынша үздік деп танылды:
- «Денсаулық және әл-ауқат» - Л.Мұханғалиева, Б.Құрбанова, К., Хармысов, С.Әлішеров, Ж.Ашықбаева, Ж., Катренова, А.Саметова, Ч.Моларди, Д.Тосси және З.Н. Өтеғұлов.
- «Әлеуметтік-экономикалық трансформация» - С.Оразғалиев, С.Ксенариос, А.Шайкенова, Н.Қапашева.
- «Жаңа материалдар мен технологиялар» - А.Мұхатов, И.Хаят, До Дук Тон.
- «Жасанды интеллект» - Ғ.Төлеби және Ғ.Наурызбаев.
- «Энергия және қоршаған орта» - Н.Нұрлан, М.Нұрмырза, Вуджин Ли.
- «Көрермендердің көзайымы жүлдесі» – Ж.Сапарғалиев, А.Тұяқова, И.Лұқманов, А.Құбашева.
Сайыс жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!
13 қаңтар 2025
Оқиғалар#NUgoesGLOBAL6 қаңтар 2025
27 желтоқсан 2024
#NUgoesGLOBAL#NUnews13 қаңтар 2025
Оқиғалар#NUgoesGLOBAL6 қаңтар 2025
27 желтоқсан 2024
#NUgoesGLOBAL#NUnews