барлық жаңалықтар
4 қазан 2024 Оқиғалар#NUgoesGLOBAL#NUstudents

NU және HKUST бизнес мектептері арасындағы студент алмасу

NU және HKUST бизнес мектептері арасындағы студент алмасу

4 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU Жоғары бизнес мектебі (NU GSB) Гонконг ғылым және технология университетінің (HKUST) бизнес мектебімен серіктестік орнатуда

Гонконгтан келген беделді делегацияны мектеп деканы Юп Коннингс және зерттеу жөніндегі вице-декан Венкат Субраманян қарсы алды.

HKUST Азиядағы №1 бизнес мектебі ретінде танылды, Times Higher Education нұсқасы бойынша жас университеттер арасында 3-ші орында және бизнес бойынша әлемде 30-шы орында, ал NU-дың  Жоғары бизнес мектебі өз кезегінде Еуразия бойынша көш бастап тұр.

Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер, студенттер алмасу және қос дипломдық бағдарламаларды талқылады. Бизнес-мектептердің бірінші кездесуі 2024 жылдың маусымында өтті, сол кезде HKUST және GSB Азия университеттері альянсы (AUA), ықтимал бірлескен конференциялар және іскерлік әкімшілендіру бакалавры (BBA) қос диплом бағдарламасы арқылы ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеді.

Бұл жолы NU GSB және HKUST осы жылдың басында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) негізделген студенттер алмасу туралы келісімге қол қойды. Осы оқу жылынан бастап NU GSB іскерлік әкімшілендіру бакалавры (BBA) және қаржы магистрі (MSF) студенттері HKUST BS-те оқу мүмкіндігіне ие болады, ал NU GSB Гонконг университетінің студенттерінің тең санын қабылдайды, осылайша динамикалық, мәдениетаралық білім беру тәжірибесіне ықпал етеді. 

Әрі қарайғы ынтымақтастыққа қатысты 2026 жылға арналған қос дипломдық бағдарлама және «Белдеу және жол» бастамасы (BRI) аясындағы танысу сапары талқыланды. Өз аймақтарындағы жетекші ғылыми-зерттеу бизнес мектептері ретінде NU GSB және HKUST BS жаһандық бизнес білімдері мен тәжірибелерін дамытуға ықпал ететін бірлескен ғылыми жобалардың үлкен әлеуетін көреді.

«Біз NU-мен серіктестік орнатқанымызға қуаныштымыз, дамушы нарықтардың, әсіресе Орталық Азияның әлеуеті зор деп санаймыз. NU біздің мекемеден жас болғанына қарамастан, өте табысты университет екенін мойындаймыз. Жас университет ретінде екі білім ордасының да күші, амбициясы, алға жылжуға және өзгерістер енгізуге деген ұмтылысы бар», — деді HKUST Бизнес мектебі деканының міндетін атқарушы профессор Кай Ленг Хуэй.

NU президенті Вакар Ахмад HKUST қаржылық пайданы көздемей, оның орнына білім беру саласындағы екі тең көшбасшы арасындағы өзара серіктестікті құруға ұмтылатынын атап өтті. «HKUST-тің бізді пайда табатын кәсіпорын ретінде көрмей, нақты серіктес ретінде қарастыратынына өте қуаныштымыз», — деді. Оған профессор Кай Лунг Хуэй былай деп жауап берді: «Біз мұны студенттеріміз үшін ТМД аймағында жаһандық тәжірибе алу мүмкіндігі ретінде қарастырамыз, бұл олардың болашақ мансабына пайдасын тигізбек. Меморандум екі мекеме үшін тең мүмкіндіктер ашып, екеуіне де бердей міндеттер жүктемек».

Күш біріктіре отырып, NU GSB мен HKUST BS бизнес саласындағы әлемдік деңгейдегі білім беру, академиялық мінсіздіктің жаңа стандарттарын орнату және халықаралық ынтымақтастық қағидаларын ұстануын жалғастырмақ.

 

Ұқсас жаңалықтар