21 қазан 2024
Осы мақаламен бөлісіңізКәсіби спорт пен оқуды қалай қатар алып жүруге болады, маңызды жарыстар алдында күйзелісті қалай жеңуге болады және қиындықтарды қалай еңсеруге болады – осы және басқа да сұрақтарға NU студенттерімен кездесу барысында Олимпиада чемпиондары жауап берді.
NU және Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитеті бірлесіп ұйымдастырған іс-шара спорттық мансабын аяқтағаннан кейінгі мамандық ауыстыруға арналған екі күндік семинар аясында өтті. Бұл семинар спортшыларға өз әлеуетін ашуға және спорттан тыс өмірді жоспарлауға көмектеседі. 2005 жылдан бері бұл бастама әлем бойынша 56 000-нан астам спортшыға қолдау көрсетті.
Q&A сессиясында Лондондағы (2012) Олимпиада ойындарының жеңімпазы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова өз жолы, қорқынышты қалай жеңгені және жаттығу процесінде жаңа технологияларды қолдану туралы айтты. Бокстан 2005 және 2007 жылдардағы әлем чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев студенттерге жеңіс туралы ойламауға, тек бар күш-жігерін салуға, сондай-ақ күш-жігерін қоғам мен жақындарына көмектесуге бағыттауға кеңес берді. Рио-де-Жанейро Олимпиадасының (2012) және 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы Дмитрий Баландин өз өміріндегі қиын кезеңдер, тәртіптің қажеттілігі және шектен шыққанда өзіне демалыс берудің маңыздылығы жайлы әңгімеледі.
Қазақстандық спортшыларға сахнада Халықаралық Олимпиада Комитетінің өкілдері қосылды. Олар Астанаға спортшыларға арналған семинар өткізуге келген еді. 2004, 2008 және 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан венгриялық Жофия Чонка әйелдер үшін кедергілерді жоюға және спортқа көбірек қыздарды тарту үшін үлгі болуға тырысатынын айтты. Чилилік спорт гимнастикасы бойынша Олимпиада ойындарының (2012, 2016, 2020) қатысушысы Симона Кастро спорттық мансабын университеттегі оқуымен қатар алып жүру және осы тәжірибе Олимпиада ойындарына қатысуға қажетті дағдыларды қалай бергені туралы бөлісті.
Студенттер чемпиондарды ыстық ықыласпен қарсы алып, олардың шабыттандыратын әңгімелері үшін алғыстарын білдірді.
13 қаңтар 2025
Оқиғалар#NUgoesGLOBAL6 қаңтар 2025
27 желтоқсан 2024
#NUgoesGLOBAL#NUnews13 қаңтар 2025
Оқиғалар#NUgoesGLOBAL6 қаңтар 2025
27 желтоқсан 2024
#NUgoesGLOBAL#NUnews