![NU студенттері Индонезияда өткен жазғы бағдарламаға қатысты](/media/news/3038/66de98b41165c.jpg)
9 қыркүйек 2024
Осы мақаламен бөлісіңізNU студенттері Индонезияда өткен "A Tapestry of Natural, Cultural, and Social Diversity" атты академиялық бағдарламаға қатысып келді.
Universitas Indonesia и малайзиялық Universiti Malaya сияқты Орталық-Шығыс Азияның екі беделді оқу орнының бірлескен бағдарламасы аясында қатысушылар Индонезияның мәдениетімен танысып, елдің геологиялық және табиғи ерекшеліктерін көруге мүмкіндік алды. Бағдарлама кезінде студенттер Джакарта, Депок және Йогакарта сынды қалаларға сапар шекті. 20 күн ішінде олар түрлі оқу орындарына аяқ басып, мәдени нысандарды аралады, экскурсияларға барып, дәріс тыңдады, сондай-ақ талқылауларға қатысты. Бағдарлама соңында студенттер жинаған білімдерін ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті.
“Бұл бағдарлама шынымен де менің таным көкжиегімді кеңейтті. Алған білім мен мәдени тәжірибені бағалы деп санаймын. Бізді қабылдаған университет пен ондағы кураторлар – Индонезия университетінің студенттеріне, алғыс алғысым шексіз. Ұйымдастыру деңгейі жоғары болды”, — деді Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің студенті Аяна Батырбаева.
13 қаңтар 2025
Оқиғалар#NUgoesGLOBAL6 қаңтар 2025
27 желтоқсан 2024
#NUgoesGLOBAL#NUnews13 қаңтар 2025
Оқиғалар#NUgoesGLOBAL6 қаңтар 2025
27 желтоқсан 2024
#NUgoesGLOBAL#NUnews