барлық жаңалықтар
24 қазан 2024 #NUstudents#NUnews

Студенттер Республика күніне орай концерт ұйымдастырды

Студенттер Республика күніне орай концерт ұйымдастырды

24 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Университетте Республика күніне орай мерекелік концерт өтті, оны студентік клубтар NU-дың Ұлттық мәдениет орталығымен бірлестікте ұйымдастырды.

Бұл мерекенің маңызы зор, себебі ол Түрік қағанаты мен Қазақ хандығынан бастау алған мемлекеттігіміздің қайта өрлеуін білдіреді. Республика күні ата-бабаларымыз аңсап жеткен бостандық туын көтеріп, халқымыздың тәуелсіздік пен егемендікке деген ұмтылысын ұлықтайды.

Republic Day мерекесіне орайластырылып, «Қазақ елім – бақ мекенім» ұранымен оқу орнының студенттері, профессорлары және қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты концерт өтті. NU президенті Вакар Ахмад құттықтау сөзін сөйледі. Университеттің білім, ғылым мен инновация саласындағы үлесін ерекше атап өткен доктор Ахмад сондай-ақ елдің және тұтас өңірдің болашағы үшін алаңдап, ақын Абай айтқандай, мағыналы өмір сүруге талпынатын азаматтар қауымдастығын құру маңызына тоқталды.

Университет хорының орындауындағы әнұранмен басталған мерекелік концерт әрі қарай студенттік клубтардың қойылымдарымен жалғасты. Атап айтқанда, жетігенде «Бір Бала» халық әнін орындаған Ақкербез Тілеубекова көрерменді сүйсіндірмей қоймады. NU оркестрі «Жұмыр Қылыш», «Саранжап» күйлерін тарту етті. Оған қоса концерттік бағдарлама бойынша «Күлтегін батыр», «Қайрат Рысқұлбеков туралы» сахналық қойылымдары көрсетіліп, мәнерлеп оқу, би нөмірлері де болды.

24 қазан күні концерттік бағдарлама жалғасып,  университет студенттері және қызметкерлерінің қатысуымен түрлі интерактивті ойындар ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар