барлық жаңалықтар
27 қыркүйек 2024 Ғылым#NUstudents#NUnews

Тау-кен өңдеу кешенімен байланыс: геотехника саласының студенттері нақты мәселелерді шешуде

Тау-кен өңдеу кешенімен байланыс: геотехника саласының студенттері нақты мәселелерді шешуде

27 қыркүйек 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

III KAZ Minerals геотехникалық форумы аясында Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің алты студенті өз зерттеулерін ұсынды.

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінде (NU SMG) 2024 жылдың 26-27 қыркүйегінде KAZ Minerals-пен бірлесіп жыл сайынғы геотехникалық форум өтті. Форумға мыс өндіруші KAZ Minerals компаниясының негізгі кеніштерінің инженер-геотехниктері қатысты. Олар тау-кен өндіру, оның ішінде жер үсті және жер асты кен орындары бойынша пікір алмасу мақсатында бас қосты. Олар сондай-ақ гидрогеология, қалдық қоймаларын басқару және жасанды интеллектті пайдалану сияқты байланысты мәселелерді талқыланды. Форум барысында Фиделис Суоринени мен Али Мортазави, NU SMG профессорлардың студенттері өз зерттеулерін ұсынды.

«Мен SMG-дың бірінші түлегімін, тау-кен инженері мамандығы бойынша магистратураны бітірдім, оқу қиын болды, бірақ профессорлар мені үнемі қолдап, ынталандырып отырды, қазір KAZ Minerals бас кеңсесінде жұмыс істеймін. NU-да біз тәжірибе мен нетворкинг  алмасуға бағытталған алты кеніштерінің инженер-геотехниктерге арналған ішкі геотехникалық форумды алғаш рет өткізіп жатырмыз. Бұл кәсіби өсу үшін маңызды. Студенттер үшін бұл өндірістің қалай жұмыс істейтінін көруге және білуге ​​мүмкіндік береді», - деді KAZ Minerals басқармасының инженері Нұрсұлу Әлназар.

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі өнеркәсіппен байланысы мықты. Ол дәріс оқуға сала мамандарын шақырады, студенттерді тәжірибеден өткізеді, ал профессорлары сала қызметкерлеріне тренинг жұргізеді.

«SMG және KAZ Minerals арасындағы ынтымақтастықтың ұзақ тарихы бар, әсіресе профессорлар Фиделис Суоринени және Али Мортазави, олар өз тәжірибесімен бөліседі, студенттер бізде тағылымдамадан өтеді. Бұл ынтымақтастық студенттердің салаға дайын болуы үшін маңызды. NU студенттері аналитикалық жұмысты және күрделі заманауи технологияларды жақсы меңгерген, сондықтан олар өз білімдерін заманауи индустрияға оңай бейімдейді», - деді KAZ Minerals Бозшакөл кен орнының суперинтенданті Байуприма Адиянсях (Bayuprima Adiyansyah).

Форумның аясында мектептің зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар бұрғылауды модельдеу, тау тастарының механикасы, пайдалы қазбаларды өңдеу, шахталарды желдету, бұрғылау ерітінділері және басқа да зертханаларды аралады. Мектептің техникалық және білім беру мүмкіндіктерін шараға шақырылған халықаралық сарапшылар, Австралиядан келген бас геотехникалық инженерлер, доктор Нил Бар және Глен Балог бағалады.

Ұқсас жаңалықтар