барлық жаңалықтар
7 қазан 2024 #NUgoesGLOBAL#NUstudents#NUnews

University Bridge алғашқы рет халықаралық деңгейде өтті

University Bridge алғашқы рет халықаралық деңгейде өтті

7 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU-дың Жоғары білім беру мектебі мен Asian International University (Өзбекстан) жас ғалымдардың қатысуымен бірлескен вебинар өткізді.

Осылайша, алғаш рет «University Bridge» форумы Қазақстан шекарасынан асып, халықаралық шараға айналып отыр.

Вебинар барысында екі елдің ғалымдары зерттеу жұмыстарын жүргізу әдебінің маңызды аспектілерін талқылады. Негізгі тақырып «Зерттеу жұмыстарын жүргізудегі әділдік пен әдеп» болды. Спикерлер ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өздерінің білімдері және тәжірибелерімен бөлісті. Ботагөз Испамбетова, Қанат Байкенов пен Ақмарал Қарабай сияқты ғалымдар «Адамдардың қатысуымен жүргізілетін зерттеу жұмыстарындағы әдеп», «Зерттеу жұмыстарын жүргізу әдебі: практикалық мысал» және «Зерттеу жұмыстарын жүргізудегі академиялық адалдық: жалған деректерді қолданудың, плагиат жасаудың алдын алу» тақырыптары бойынша баяндама жасады. Өзбекстандық зерттеушілер Ойбек Муродов, Дилдора Муродова мен Зарнигор Джалилова зерттеу жұмыстары бойынша деректерді басқару, эффективті түрде менторлық жасау және GenAI-ды пайдаланудағы этикалық мәселелерді сөз етті.

«Бұл диалог алғаш рет ұлттық шекарадан асып, заманауи ғылымның негізгі мәселелерінің бірі саналатын зерттеу жұмыстарын жүргізу әдебі тақырыбын ортаға салған халықаралық алаңға айналды. Бұл Қазақстан мен Өзбекстанның ғылыми қауымдастығы үшін елеулі оқиға, екі елдің жас ғылымдарын байланыстырады. Вебинар спикерлері болған NU мен Asian International University докторанттарына алғысымыз шексіз. Бұл шара ғылым саласындағы ынтымақтастықтың маңызын белгілеп, зерттеу жұмыстарын жүргізу әдебінің жоғары стандарттарын таныстырды. Осындай бастамалар екі ел арасындағы байланыстарды нығайтып, оны әрі қарай дамытуға жол ашпақ», — деді NU-дың біліктілікті арттыру бағдарламалары жөніндегі директоры Жаңыл Жонтаева.

2020 жылы құрылған University Bridge форумы жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары арасында бірден танымалдық жинады. Жыл сайын осы жоба аясында қатысушылар білім мен тәжірибе алмасып, ал жас ғалымдар өздерінің ғылыми жұмыстарын таныстырып, әрі қарай әріптестік үшін мүмкіндіктерді талқылайды. Форумды NU Жоғары білім беру мектебінің докторанттары пандемия кезінде онлайн білім алып жатқан қазақстандық студенттерді қолдау мақсатында бастаған. Сол кезден бастап, жоба едәуір өсіп, білім алмасатын және академиялық қауымдыстықтағы әріптестікті ынталандыратын маңызды платформаға айналды. 

 

Ұқсас жаңалықтар