барлық жаңалықтар
8 қазан 2024 Оқиғалар#NUgoesGLOBAL

Қазақстан-Америка университеттері консорциумының делегациясы NU-мен ынтымақтастығын талқылады

Қазақстан-Америка университеттері консорциумының делегациясы NU-мен ынтымақтастығын талқылады

8 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

АҚШ-тың 12 университетінің өкілдері Қазақстан-Америка университеттер консорциумының (KUUC) серіктестік бағдарламасы аясында NU-ға барып, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

NU басшылығымен, декандарымен және профессорларымен кездесу барысында делегация зерттеу, студенттік ұтқырлық және бірлескен академиялық бастамалар бөлігінде ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Американдық делегацияның сапары жоғары білім саласындағы халықаралық әріптестіктің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен АҚШ университеттері арасындағы байланыстарды нығайтуға мүмкіндіктер ашады.

"Біз тұрақты серіктестік бір түнде пайда болмайтынын білеміз. Біз стратегиялық және тұрақты серіктестіктер құру уақыт пен күш-жігерді қажет ететінін түсінеміз. Мен NU-мен ынтымақтастық мүмкіндігіне қуаныштымын және оларға бізді жылы қабылдағаны үшін алғыс айтамын. NU шынымен де керемет. Мен Қазақстанда мұндай деңгейдегі университетті көрдім деп ойламаймын", - деп атап өтті Халықаралық білім беру институтының (IIE) Халықаралық әріптестік орталығының директоры Сильвия Джонс.

Оның айтуынша, KUUC - АҚШ пен Қазақстан университеттердің арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа ұмтылған ең ірі консорциумы. Ол осы процеске одан да көп университеттерді тартуға ұмтылады.

"Мені NU ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларының ауқымы және оның 2010 жылы құрылғаннан бергі қарқынды дамуы таң қалдырды. Менің Қазақстанға соңғы сапарымнан өткен алты жыл ішінде керемет өзгерістер болғаны анық. Жоғары білімге елеулі инвестициялар салынып жатқаны анық және нәтижелер айқын", - деп атап өтті Лихай университетінің (Пенсильвания штаты) Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Шерил Мазерли.

Биылғы жылы NU қосылған KUUC серіктестік бағдарламасы АҚШ пен Қазақстан университеттері арасында қалыптасқан байланыстарды нығайтуға және жаңа стратегиялық серіктестіктер орнатуға бағытталған. Консорциумға 31 қазақстандық және 34 американдық оқу орындары кіреді. Ол тұрақты кездесулер мен бірлескен бастамалар ұйымдастыра отырып, ынтымақтастыққа ықпал етеді. Биыл бағдарламаның соңында бірлескен зерттеу серіктестерін анықтау және жобалық ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ таңдалған бастамаларды қолдау үшін 30 мың доллардан үш грант бөлу жоспарлануда.

 

Ұқсас жаңалықтар