
6 ақпан 2025
Осы мақаламен бөлісіңізДәрісте Еуропа және Орталық Азия (EОА) аймағының экономикасы және «орта кіріс тұзағы» туралы баяндамалар ұсынылды.
Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев бастаған бір топ сарапшылар Назарбаев Университетінде (NU) студенттерге дәріс оқыды.Олар Еуропа мен Орталық Азия экономикаларының дамуына және «орта табыс тұзағы» туралы соңғы баяндамаларын ұсынды.
Бұл зерттеулер орта табысы бар елдерге экономикалық прогреске кедергілерді жеңуге көмектесетін кешенді реформаларды сипаттайды.
«Негізгі тұжырымдарының бірі – Қазақстан сияқты табиғи ресурстарға, мұнайға бай елдер тек осы ресурстарға сүйену арқылы жан-жақты дами алмайды. Қазақстан алға жылжу үшін экономиканы әртараптандыру өте қажет болып отыр. Оның үстіне, өсімге батыл реформаларды қажет ететін білім мен инновация көбірек ықпал ететін болады. Өсу сонымен қатар білім мен инновацияға негіздеіп батыл реформаларды қажет етеді», деді Андрей Михнев, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі және NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Консультативтік кеңесінің мүшесі.
Кездесуде Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша жетекші экономисі Ивайло Изворски мен Орталық Азия бағдарламасының жетекшісі Дэвид Найттың баяндамалары тыңдалды. Сарапшылар ЕОА-ның көптеген елдері, соның ішінде Қазақстан да «орта кіріс тұзағына» түсуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ олар табысы жоғары елдердің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін тұжырымдар мен ұсыныстарды ортаға салды. Дәріс сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, студенттерге баяндамалар таратылды.