барлық жаңалықтар
17 наурыз 2025 #NUnews

Ғалымдар генетиктер мен селекционерлер қоғамын құрды

Ғалымдар генетиктер мен селекционерлер қоғамын құрды

17 наурыз 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

2025 жылғы 12–13 наурызда NU-да 100-ге жуық жетекші қазақстандық ғалымдардың қатысуымен Қазақстандық генетиктер мен селекционерлер қоғамының бірінші республикалық конференциясы өтті.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен NU жанындағы Астана Ұлттық зертханасы (NLA) ұйымдастырды. Конференцияның ашылуында NU жанындағы Астана Ұлттық зертханасының бас директоры, NU Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің вице-деканы, профессор Дос Сарбасов генетиктер мен селекционерлердің еліміздің әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Генетика мен селекция ауыл шаруашылығын, медицинаны және биоқауіпсіздікті дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның алдында осы салаларды жаңғырту міндеті тұр. Бұл ғылыми қауымдастықты біріктіруді және инновациялық технологияларды енгізуді талап етеді. Жаңа технологияларды зерттеу және енгізу үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Бүгін мұнда белсенді ынтымақтастыққа дайын жетекші зертханалар жиналды», — деп академик Сарбасов NU NLA ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын деді.

Конференция бағдарламасында адам генетикасы, жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің генетикасы және селекциясы бойынша 20 баяндама жасалды.  Конференция сонында Қазақстандық генетиктер мен селекционерлер қоғамының төрағасы болып Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты молекулярлық биология зертханасының меңгерушісі, академик Ерлан Тұрыспеков сайланды. Жаңадан құрылған Қоғам ғылыми өзара іс-қимылдың және инновацияларды енгізудің, кадрларды даярлау мен біліктілігін арттырудың, ғылыми басымдықтарды анықтаудың, сондай-ақ инновацияларды енгізудің және ғылым мен өндірістің өзара әрекеттесуінің негізгі алаңына айналады.

Ұқсас жаңалықтар