
4 қазан 2024
Осы мақаламен бөлісіңіз2024 жылғы 1 қазанда Германия Федеративтік Республикасының елшісі Моника Иверсен NU-ға қонақ болып, NU-дың президенті доктор Вакар Ахмадпен кездесті.
Тараптар NU мен Германияның жоғары оқу орындары арасындағы тұрақты ынтымақтастықты талқылады. Айта кету керек, 2024 жылдың күзгі семестрінде NU-да білім алуға Германияның 4 университетінен (TU Dresden, Eberhard Karls University of Tübingen, Friedrich Schiller University Jena и Hertie School) 9 студен келген. Сондай-ақ NU тарабы германиялық әріптестерімен бірлескен зерттеу жұмыстарының қазіргі кезеңдері және болашақтағы ынтымақтастық жайлы көзқарасымен бөлісті.
Елші Иверсен ханым 2021 жылы Қазақстанға тағайындалып, NU-ға жиі қонақ болады. 2024 жылғы 10 сәуірде ол оқу орны қауымдастығының мүшелеріне «Заң үстемдігі» туралы дәріс оқыды.