барлық жаңалықтар
8 қараша 2024 #NUnews

Оқуға онлайн өтінімдерді қабылдау ашық

Оқуға онлайн өтінімдерді қабылдау ашық

8 қараша 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Nazarbayev University (NU) 2024-2025 оқу жылына арналған бакалавриат бағдарламасына ақылы негізде онлайн өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. Қабылдау 2024 жылдың 29 қарашасын қоса алғанда (Астана уақыты бойынша 13:59-ға дейін) жалғасады.

Оқытудың басталуы оқу жылының ортасы (көктемгі семестр) - 2025 жылдың 13 қаңтары.

Биылдан бастап коммерциялық негізде қабылдау тәртібі жеңілдеді. Мотивациялық хат қажет емес. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бағдарламасына, бакалавриат пен магистратураға түсу үшін ағылшын тілін білуге ​​қойылатын талаптарға қатысты өзгерістер де енгізілді. Университет алдындағы дайындық бағдарлама үшін IELTS нәтижелерін ең төменгі жалпы балл 5,5 немесе TOEFL iBT 46 балл жеткілікті. Ақылы негізде бакалавриат пен магистратураға түсетіндер үшін ең төменгі талаптар - IELTS 6.0 немесе TOEFL iBT 60. Қосымша емтихандар жоқ. Осылайша, NU үміткерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейту арқылы ең дарынды талапкерлерді тартуға ұмтылады.

Жылдық оқыту құны таңдалған бағдарламаға байланысты. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бағдарламасы бойынша оқу ақысы оқу жылына 5 808 000 теңгені, бакалавриат бағдарламасы бойынша жылына 7 260 000 теңгені, ал магистратурада таңдаған бағдарламаға байланысты 7 744 000 теңгеден басталады. Әлеуметтік осал санаттағы студенттерге жеңілдіктер қарастырылған. Жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі студенттер, сондай-ақ ата-анасы мүмкіндігі шектеулі студенттер жоғары оқу орнына дейінгі, бакалавриат және магистратура бағдарламаларында жылына 1 500 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін жеңілдетілген бағамен оқи алады. Қазақстандық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін арнайы бағалар қарастырылған.

Грант алу үшін қабылдау тәртібі жалпы өзгеріссіз қалды. Үміткерлер NUET, SAT/ACT (кем дегенде 1240/26), IВ Diploma, A-level/NIS 12-сынып сертификаты немесе халықаралық және/немесе ұлттық пәндік олимпиада жеңімпаздарының дипломымен бакалавриат бағдарламаларына түсуге мүмкіндігі бар. IELTS/TOEFL үшін ең төменгі талап – 6.0/60. Гранттар жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінеді. Олардың саны мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты.

Конкурсқа қатысу үшін талапкер admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, өтінім беру нысанын толтырып келесі қажетті құжаттарды жүктеу қажет:

  1. Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
  2. Санат бойынша тест нәтижелері;
  3. IELTS/TOEFL iBT нәтижелерін Жеке кабинеттегі нұсқаулық бойынша 2024 жылғы 29 қарашаға дейін ұсыну.

Қабылдау және құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы маңызды ақпаратты жіберіп алмау үшін NU веб-сайтындағы хабарландыруларды қадағалаңыз. Естеріңізге сала кетейік, университет Times Higher Education рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік зерттеу университеттерінің 24-29%-ының қатарына кіріп Орталық Азиядағы ең үздік университет болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар