барлық жаңалықтар
17 сәуір 2025 #NUgoesGLOBAL#NUnews

Nazarbayev University Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда

Nazarbayev University Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда

17 сәуір 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

Nazarbayev University өкілдері Эр-Риядтың жетекші мектептерімен бірқатар кездесу өткізіп, Сауд Арабиясындағы 16-шы Gulf Education Exhibition халықаралық көрмесіне қатысты.

Сапар барысында NU-дың білім беру және ғылыми мүмкіндіктері, соның ішінде академиялық бағдарламалар, қабылдау және тұру шарттары, сондай-ақ өңірдегі студенттерге арналған стипендиялық опциялар ұсынылды. Сауд Арабиясы оқушыларының арасында мұнай-газ ісі, бизнес және әлеуметтік ғылымдар, білім беру ғылымдары, сондай-ақ инженерия сияқты бағыттар бойынша бағдарламалар ерекше қызығушылық тудырды.

Университет делегациясы бірнеше жетекші жеке меншік мектепке барды, олардың әрқайсысында мыңнан астам оқушы бар. Соңғы сынып оқушылары үшін қосымша онлайн-сессиялар өткізу жоспарланып отыр.

Nazarbayev University жетекші батыс жоғары оқу орындарымен қатар 16th Gulf Education Exhibition-ге қатысқан бірнеше Орталық Азия университетінің бірі болды. Сапар барысында қазақстандық білімге деген қызығушылық артқаны анықталып, ол университеттің стратегиялық мақсаттарының бірі – NU-ды интернационализациялау бағытындағы маңызды қадам болды.

 

Ұқсас жаңалықтар