
27 желтоқсан 2024
Осы мақаламен бөлісіңізЖаңа қысқы саябақ университет аумағындағы Пирамида жанында орналасқан.
Бұл – классикалық қысқы спорт түрлері мен түрлі қызықтарды (коньки тебу, төбешіктен сырғанау) топтастырған елордадағы алғашқы қысқы кеңістік. Саябақ Астананың барлық тұрғыны мен қонағына қолжетімді.
NU-дың жаңа саябағында келушілер коньки теуіп, тюбингтен сырғанап, квадроцикл мен қар көлігіне міне алады. Ашылу күні коньки мен тюбинг жалдау тегін ұйымдастырылды.
«Жаңа саябақ – елорданың тұрғындары мен қонақтары үшін рекреациялық мақсаттағы экологиялық аймақ. Біз аталған аймақты ашып, қысқы спорт түрлерімен айналысуға ыңғайлы етіп инфрақұрылым жүргіздік, мұнда қала тұрғындары таза ауада денелерін шынықтырып, отбасымен бірге қызықты да сапалы уақыт өткізе алады», — дейді NU-дың вице-президенті Дархан Біләлов.
Саябаққа келушілер университеттің Қабанбай батыр даңғылы жағынан да, Тұран даңғылы жағынан да кіре алады.