барлық жаңалықтар
6 қазан 2025 ##NUnews

NU-да көктемгі семестрге құжат қабылдау басталды

NU-да көктемгі семестрге құжат қабылдау басталды

6 қазан 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU-да академиялық жылдың ортасынан бастап оқуға өтінім қабылдау басталды.

Бұл — құжаттарды уақытылы тапсырып үлгермеген немесе басқа жоғары оқу орындарынан, соның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарынан ауысқысы келетіндер үшін жаңа мүмкіндік.

Бакалавриат бағдарламаларына оқу жылының ортасынан оқуға қабылдау — бұл талапкерлерге көктемгі семестрге ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік беретін қосымша қабылдау кезеңі. Өтінім берген талапкерлер бакалавриат бағдарламаларының Қабылдау қағидалары мен рәсімдерінде көрсетілген стандартты іріктеу үрдісі бойынша оқу жылы ортасында ақылы негізде оқуға қабылдау конкурсына қатысады. Осы конкурс арқылы қабылданған студенттер оқуын көктемгі семестрден бастайды. Конкурсқа келесі талапкерлер қатыса алады:

  • Жалпы орта мектепті бітірген талапкерлер;
  • Басқа ЖОО-да білім алып жатқан студенттер.

«NUET талапкерлері» санаты бойынша өтінім берген талапкерлер ағымдағы күнтізбелік жылда алынған NUET нәтижелері бойынша ғана қарастырылады. Ең төменгі қабылдау талаптары: жалпы балл — 130, сондағы әр пән бойынша — 60 (математика, сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары).

Өтінім беру үшін admissions.nu.edu.kz сайтында Жеке кабинет ашу қажет.  

Маңызды: көктемгі семестрде бакалавриат бағдарламаларына ақылы негізде оқу үшін құжат тапсырған және оқуға қабылдауға ұсынылған  талапкерлер «Назарбаев Университеті» білім беру гранты және де басқа білім беру гранттарын тағайындау бойынша іріктеуге қатыспайды.

Онлайн тіркелу мерзімдері: 29 қыркүйек — 28 қараша, 2025 ж. (Астана уақыты бойынша 14:00-ге дейін)

NU-ға тест нәтижелерін ұсынудың соңғы күні: SAT/ACT және IELTS/TOEFL — 28 қараша, 2025 ж. (Астана уақыты бойынша 23:59-ға дейін)

Тест нәтижелері міндетті түрде Назарбаев Университеті кодын (Institutional Code) пайдалана отырып, тест әкімшісі арқылы Университетке жіберіледі:

  • NU, Admissions Office — IELTS үшін
  • 6762 — TOEFL үшін
  • 7915 — SAT үшін
  • 5521 — ACT үшін

Ұқсас жаңалықтар