барлық жаңалықтар
8 қазан 2024 #NUgoesGLOBAL#NUnews

NU Орталық Азиядағы университеттердің бірінші форумына қатысады

NU Орталық Азиядағы университеттердің бірінші форумына қатысады

8 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

2024 жылдың 12-17 қазаны аралығында Ташкентте Times Higher Education (THE) ұйымдастырған Жаңа Өзбекстан университетінің (NUU) қолдауымен Орталық Азия университеттерінің бірінші форумы өтеді

Бұл айтулы шара Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп отыр және аймақтағы жоғары білімді дамытудың негізгі мәселелерін талқылау үшін жоғары білім, мемлекеттік саясат және өнеркәсіптің жетекші сарапшыларын жинайды.

NUU президенті, профессор Вольфганг Херманн: «Орталық Азия университеттерінің форумы – біздің осы аймақтағы білім беруді дамытуға деген ортақ тілегімізді көрсететін маңызды қадам. Қатысушылардың ынта-жігерінің көре отырып, мен біздің академиялық стандарттарды көтеру және инновацияларды алға жылжыту жөніндегі ұжымдық күш-жігеріміз білім берудегі жетістіктер мен әлемдік тәжірибе туралы кеңірек диалогқа ықпал ететініне сенімдімін.

Форумға Орталық Азия елдерінің өкілдері мен халықаралық сарапшыларды қоса алғанда, 200-ден астам делегат қатысады. Іс-шараның негізгі тақырыбы «Болашақты қалыптастыру: Орталық Азиядағы жоғары білім беруді дамыту» болмақ.

NU провосты Илесанми Адесида "Central Asian universities – stepping out from the shadows" атты панельдік пікірталаста сөз сөйлейді, онда қатысушылар Орталық Азия университеттерінің беделді институт ретінде орнығуы және озық тәжірибе орталықтары ретінде бірегей тұлғаларды құру жолын талқылайды. Пікірталас аймақтағы университет жетекшілері алдында тұрған қиындықтарды және ескі, жаһандық институттардың бәсекелестігі жағдайында бірегейлікті қалай сақтай алатынын қарастырады.

Сонымен қатар бір сессияға NU интернационалдандыру департаментінің директоры Әлия Қаймолдинова модераторлық етеді. "New partnership models for new models of institution" деп аталатын сессия Орталық Азиядағы жас университеттердің ортақ мақсатпен күшті одақтар құратын ынтымақтастықты қалай құра алатынына арналады.

Сондай-ақ форумда оқу бағдарламаларын жаңарту, жас университеттердің мәртебесін нығайту, еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыру және халықаралық серіктестіктің жаңа үлгілерін қалыптастыру сияқты маңызды тақырыптар талқыланады. Қатысушылар Орталық Азиядағы тұрақты даму және білім сапасын арттыру үшін шешімдер іздейтін болады.

Times Higher Education (THE) халықаралық істер жөніндегі бас маманы Фил Бэтей былай деді: «Бұл Орталық Азиядағы жоғары білім беру үшін шынымен қызықты уақыт: аймақ халықаралық студенттерді көбірек тартуда, оның ғылыми базасы қарқынды дамып келеді, аймақ университеттері амбициялы және мақсатты реформалау, жоғары халықаралық стандарттарға сай болуға ұмтылуда. Бұл аймақ Шығыс пен Батыс арасындағы маңызды географиялық көпірге айналуда».

Оқиға туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады.

 

Ұқсас жаңалықтар