
7 қазан 2024
Осы мақаламен бөлісіңіз3-4 қазанда NU-да өткен Регистратор офистерінің VIII отырысына 84 жоғарғы оқу орындарынан 300-ге жуық қатысушы жиналды.
Кездесу бағдарламасы академиялық қолдау, процестерді автоматтандыру, талапкерлердің өтінімдерін тексеру, студенттердің мансаптық дамуы, сондай-ақ білім беру сапасын басқаруға байланысты мәселелерді кең ауқымда қамтып өтті. Қазақстанның жетекші университеттерінің, сондай-ақ халықаралық университеттердің, мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың өкілдері университеттердің әкімшілік және академиялық процестерін жүргізудегі жасаған жұмыстарымен және үздік тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісті.
Регистратор офистерінің VIII кездесуі аясында 3 панельдік және 9 параллельді сессия өткен болатын. Панельдік сессияларға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің жұмысшылары, Медициналық сақтандыру қорының және «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері қатысты, және бұл панельдік сессия мемлекеттік гранттарды мониторингілеу, студенттерді медициналық сақтандыру және жоғары білім беру жүйелерін интеграциялау мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Қатысушылар процестерді жақсарту үшін ортақ шешімдер табуға тырысты, проблемаларымен және өз ұсыныстарымен бөлісті. Жүйелерді басқарудағы икемділік пен цифрландыру мәселелеріне ерекше назарда болғанын атап айту керек, өйткені бұл үрдіс Регистратор офистерінің жұмысын оңтайландыруға өз септігін тигізеді.
Кездесудің жабылу салтанатында Назарбаев Университетінің Регистратор және студенттік прогресстің бас директоры Салтанат Бейсембина Қазақстан университеттерінде академиялық қызметтердің сапасын жақсартуда маңызды рөл атқаратын Регистратор офистерінің кездесулерін дәстүрлі түрде өткізіп отыру мен қарым-қатынас платформасын құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Кездесуді қатысушылар өздерінің оң пікірлерімен, алғысымен аяқтап, жоғары білім беру жүйесін дамыту үшін өзекті мәселелерді талқылау мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кездесу туралы толық ақпаратты және материалдарды Регистратор офисінің ресми сайтынан таба аласыз.