
27 қаңтар 2025
Осы мақаламен бөлісіңізЕң жақсы көрсеткіш – Жоғары білім беру мектебінде. Педагогикалық пәндер бойынша Мектеп рейтингте 176-200 диапазонына жайғасқан.
Медицина мектебі 401-500 санатына көтерілді.
Өнер және гуманитарлық ғылымдар, инженерлік және әлеуметтік ғылымдар – 401-500 аралығында.
Компьютерлік ғылымдар – 501-600 орында.
Физикалық ғылымдар бағыты бойынша пәндер 601-800 орынға жайғасты.
Бизнес, экономика және өмір туралы ғылым бұрынғыша 601-800 аралығында қалып отыр.
Times Higher Education (THE) рейтингінің халықаралық байланыстар жөніндегі жетекшісі Фил Бейти Азиядағы жас университеттің осындай жетістігіне таңғалды: “Times Higher Education-2025 пәндік рейтингінде 11 бағыт бойынша мыңнан аса университет ұсынылған. Азия елдерінің университеттері рейтингте жақсы орындарға ілінген, атап айтқанда, Peking University, Tsinghua University, The University of Hong Kong, National University of Singapore лайықты орындарына жайғасып отыр. Олармен бірге биыл Қазақстандағы Nazarbayev University бірінші рет білім бағыты бойынша үздік 200 университет қатарына кірді”.