5 қыркүйек 2025
Осы мақаламен бөлісіңізNU студенттері әзірлеген Journal of Eurasian Insights атты ағылшын тіліндегі академиялық журналдың алғашқы саны оқырманға жол тартты.
Журнал бакалавриат студенттеріне өздерінің зерттеулері мен ой-пікірлерін жариялауға мүмкіндік беретін алаң ретінде құрылды.
Дебюттік шығарылымда антропология, тарих, саясаттану және социология салаларына арналған мақалалар топтастырылған. Онда ұлттық бірегейліктің қалыптасу бейнесінен бастап ядролық сынақтардың салдары, климат саясаты, кәсіпкерлік және гендерлік мәселелерге дейінгі кең ауқымды тақырыптар қарастырылады. Басылым жас зерттеушілердің өзекті қоғамдық сұрақтарға жаңа көзқарасын және пәнаралық тұрғыдан келуін көрсетеді.
«Бұл – батыл да өршіл студенттер үшін алғаш рет сын-қатерге толы рецензиялау кезеңінен өту тәжірибесі. Сондай-ақ біз үшін, редакциялық алқадағы докторанттар үшін, студенттердің еңбектерін бағалап, авторларға өз саламыздың редакторлары ретінде қолдау көрсету мүмкіндігі», – деді бас редактор, тарих мамандығы бойынша докторант Мұстафа Сердар Каракая, NU профессорлары мен кітапханасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып.
Редакциялық алқаның құрамында тоғыз адам бар: докторанттар Әли Дукаев (антропология), Камила Ковязина (социология), Александр Мотин (саясаттану және халықаралық қатынастар), Мұстафа Сердар Каракая (тарих), сондай-ақ бакалавриат студенттері Мира Ажибаева, Рабиға Ахметова, Ильяс Бутаев, Ерсултан Құдайберген және Әдия Есенғали.
Алғашқы санға қол жеткізуге NU Репозиторийі арқылы болады. Журнал университет студенттерін болашақ сандарға материалдарын ұсынуға шақырады. Мақалаларды қабылдау желтоқсаннан бастап мамыр айына дейін жалғасады.