
26 наурыз 2025
Осы мақаламен бөлісіңізБиыл іс-шара Қазақстанның табиғатын қорғау мәселелеріне арналды.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұйымдастырған «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы 22 наурыз күні сағат 20:30-да өтті. Жыл сайынғы іс-шара бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды біріктіріп, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланудың маңыздылығын еске салады. NU экологиялық мәдениетті дамыту және тұрақты өмір салты туралы хабардарлықты арттыру мақсатында осы бастаманы қолдады.
Қазақстанда акцияны Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдары ассоциациясы, Жасыл экономика және G-Global даму коалициясы, сондай-ақ «Жер. Тұрақты даму» қоры ұйымдастырды.