Академиялық кеңес беру офисі (АКО) бакалавриаттың бірінші курс студенттерімен жұмыс істейді. АКО курстарды таңдауға және тіркеуге көмек көрсетіп, академиялық қиындықтары бар студенттерді қолдайды. Әр студенттің ерекше қажеттіліктері ескерілетін жеке консультациялар беріп, қажет болған жағдайда тиісті офистерге жібереді. АКО студенттер мен олардың үлгерімі туралы ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді.
АКО академиялық кеңесшілері студенттерге оқу процесінде кездестіретін академиялық мәселелерді шешуге, сондай-ақ студенттердің кәсіби дамуына көмектеседі. Академиялық кеңесшінің рөлі студенттерге қажетті ақпаратты беру, бағыттау және олардың академиялық даму процесін бақылау болып табылады. Академиялық кеңесшілер сондай-ақ студенттерге Университеттің қағидалары мен рәсімдерін және оқу бағдарламаларының талаптарын түсіндіреді; АКО студенттердің үлгерімін бағалап, кампуста қолжетімді ресурстар туралы ақпарат береді. Студенттер оқу жылы ішінде жеке консультация алуға және өздерінің академиялық кеңесшілермен топтық сессияларға қатысуға мүмкіндік алады.
АКО сондай-ақ студенттерге кеңес беруші студенттердің көмегін ұсынады. Кеңес беруші студенттер - бұл үшінші және төртінші курстардың жақсы дайындалған студенттері, олар студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісуге, нақты пәндер және НУ-да оқу туралы ақпарат беруге дайын.
АКО туралы толығырақ ақпаратты осы сілтеме бойынша бірінші курс студенттерінің ата-аналары және қамқоршыларына арналған ақпараттық кітапшадан табуға болады.
Жұмыс кестесі: Дс - Жм 8.30-17.30.
Толық ақпарат алу үшін біздің сайтқа кіріңіз: https://aao.nu.edu.kz/
|
|
|
|
Біздің болашағымыз ел жастарының қолында! Мансапты таңдау отбасынан басталады, Университетте жалғасады және жұмыс берушіде соңғы нәтижесі айқындалады. Сондықтан біздің ортақ күшіміз бен қолдауымыз тұрақты және жүйелі болғаны өте маңызды.
Орталық Мансапты дамыту жөніндегі семинарлар мен кәсіби даму бағдарламасын іске асыру арқылы студенттердің өмірлік және кәсіптік дағдыларын дамытады. Орталық жұмыс берушілермен іскерлік байланыстарды орнату, Университетте рекрутингтік іс-шараларды, компаниялар презентацияларын, экскурсияларды және т.б. іс-шараларды ұйымдастыру арқылы студенттер мен түлектердің жұмысқа орналасуына өз үлесін қосады.
Орталық мамандары студенттерге интервьюде немесе түйіндемеде нақты айқындай алу үшін, өз дағдылары мен қызығушылықтарын белгілеуге көмектеседі. Сонымен қатар, олардың мансаптық мақсаттарына жетуін көздей отырып, нәтижелі стратегияларды қолдануды алға алады.
Бірге жарқын, жаңашыл және өркендеген болашақты құрайық!
Пайдалы сілтемелер:
Біз – кеңес беру қызметтерін көрсететін және Университеттің барлық қауымдастығын психологиялық жағынан сүйемелдеумен айналысатын кәсіпқойлар тобымыз.
ДӘО қызметкерлері бүкіл Университеттің қауымына психологиялық денсаулықты қолдау және нығайту жайында консультациялық көмек көрсетеді. Біздің психологтар студенттердің денсаулығына, көңіл-күйіне немесе оқу нәтижесіне кедергі келтіретін кез келген проблемаларды өздері зерттей алатын қауіпсіз және құпия ортаны ұсынады.
Біз ұсынатын қызметтер:
Жеке және топтық кеңес беру;
Жалпы психоэмоционалдық жағдайды бағалау;
Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер үшін әр түрлі тақырыптарға арналған вебинарлар, тренингтер, воркшоптар және семинарлар;
Студенттердің әл-ауқатына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда ата-аналарға кеңес беру.
Біз әлеуметтік желілерде бармыз:
YouTube – NU Counseling
Instagram – @nu_hwc
Алдағы тренингтер мен семинарлар туралы ақпарат пошта арқылы жіберіледі
Ата-аналарға қашықтықтан оқытуды оңтайлы ұйымдастыруға арналған ұсыныстар:
Жаңа бастап студент болған балаға қалай көмектесе аласыз, пайдалы/көмектесетін сөздер:
Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті (СЖЖД) студенттердің жетістікке жетуіне, кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал етумен айналысады.
Біз студенттерге көшбасшылық қабілеттерін дамыту және НУ қауымдастықтарының белсенді мүшелері болу үшін ортақ, біртұтас, инклюзивті және қолдайтын орта мен тәжірибе жасауға ұмтыламыз.
Біз студенттердің университетке және кампус өміріне бейімделуіне, сондай-ақ академиялық емес және әлеуметтік өміріне қолдау көрсетеміз.
Толық ақпарат парақшада таба аласыз.
Сіз бұл Буклетте жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз және Университетте ұсынылатын әр түрлі қызметтер туралы қажетті ақпаратты біле аласыз.
НУ студенттерінің ата-аналары Назарбаев Университетінде оқу және кеңестермен бөлісу туралы әңгімелейді.
Кенжегүл Сағадиева, Әйгерім Сағадиева НУ студентінің анасы (3 курс, Компьютер ғылымдар, ИЦҒМ) |
Алия Айсина, НУ студенті Айсин Ақанның (3-курс, Математика, ЖӘГҒМ) анасы |
Cофья Ким, НУ студенті Татьяна Кимнің (2-курс, Математика, ЖӘГҒМ) анасы |
NU кампусы (сілтеме)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|